Шырша шамы жағылды Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2037 раз

Үшінші мегаполисте жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Басты шыршаның жарығын жағу мерекесіне қала тұрғындары, балақайлар мен өнерпаздар жиналды.

833

 

Алаңда Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мәдениет ұйымдарының мамандары көпшілікке мерекелік қойылымдарын ұсынды.
Биылғы мерекелік қойылым «Жұлдызды арманыңды жақ» тақырыбымен өтті. Ертегі кейіпкерлері мен Абыз ата балғындарға өз бойындағы таланты мен қасиетін дамытуға тілектестік білдірді.
Мерекелік кеште театрландырылған қойылым ұсынылып, соңы концертке ұласты.
Айта кетейік, Шымкенттің басты шыршасы әкімшілік-іскерлік орталықта қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда орналасқан.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.