БАЛАҚАЙЛАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛАДЫ Избранное

Среда, 29 Декабрь 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2006 раз

Үшінші мегаполисте ерекше балалар Аяз атаға хат жазды. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада өткен «Сиқырлы арман» қайырымдылық акциясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен бірақатар басқарма басшылары балалардың арманы жазылған хаттарды оқыды.

859

 

н Ақшақар кітапханаға келген қонақтарға балалардың аманатын жеткізді. Шыңғыс Жұмабекұлы алғашқылардың бірі болып оқырман хатын оқыды. Ал, ең көп баланың тілегін орындау мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позиловқа бұйырыпты. Шаһардың бас дәрігері балалардың тілегін орындау азаматтық борышы екенін жеткізді.
–Жаңа жыл – балалар үшін армандар орындалатын мереке. Біз сол армандарының кішкентай бөлігін болса да орындауға өз үлесімізді қосуға келдік. Арнайы кітапханада орналасқан шыршаға балалар Аяз атаға хаттарын қалдырыпты. Маған түскен хаттарда балақайлар ойыншықтар мен мерекелік сыйлық қалайтынын жазыпты. Ал, қаладағы дәрігерлердің Жаңа жылдық арманы – халықтың толық вакциналануы, - дейді Б.Позилов.
Арнайы кітапханадағы өтіп жатқан акцияға «Ақбота» ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған бөбекжай мен «Үміт» мектеп-интернаты, «Қазақ соқырлар қоғамынан» 18 баладан хат түскен. Сонымен қатар, балақайлар арнайы кітапхана оқырмандарына жаңа жылдық бейнеқұттықтау жолдаған.