Үлестік тұрғын үй құрылысы артып келеді Избранное

Среда, 29 Декабрь 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1801 раз

Тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қатысу деңгейі қалада кейінгі жылдары біршама өскен. Дегенмен, бұл салада заң бұзушылыққа жол берген 9 құрылыс компаниясына биыл 7 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев пен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Нұразханов мәлімдеді.

863

 

Ержан Болатұлының айтуынша, құрылысқа үлескерлерді тарту үш әдіс бойынша іске асырылады. Яғни, бірыңғай құрылыс операторының кепілдігі, екінші деңгейлі банктердің қатысуы және көпқабатты тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған соң құрылыс компаниясына мен үлескер арасындағы келісімшарт арқылы жүзеге асады. Осы үш тәсілде де қаржы құйған үлескерлерге қаражатының сақталуына кепілдік беріледі.
Ғ.Өтенбаевтың мәлімдеуінше, келісімді бұзған құрылыс компанияларына ҚР әкімшілік кодексінің 320-бабы және қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.
Брифингте баяндалғандай, биыл үшінші мегаполисте 1 млн-ға жуық шаршы метр тұрғын үй салынса, үлестік әдіспен 15 компания көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуде.