Жаңа жыл табыс пен жетістіктерге толы болсын! Избранное

Среда, 29 Декабрь 2021 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 811 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Cіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жылды әр адам үкілі үміт, ізгі ниет және ақ тілекпен қарсы алады. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз. Жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.

865

 

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан халқы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің бірлігін көздің қарашығындай сақтай отырып, Конституцияның мызғымастығын, адам құқығы мен бейбітшілікті қамтамасыз етіп келеді.
Аяқталғалы тұрған 2021 жыл да Қазақстан үшін тарихи оқиғаларға толы болды. Биыл Қазақ Елі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті. Осынау ұлық мерекеге Шымкент қаласы да тамаша табыстармен жеткенін мақтанышпен айта аламыз.
Биыл Шымкентте апатты мектептер мәселесі толық шешілді. Ал, үш ауысымды мектептер 14-тен 9-ға дейін қысқарды. Ол үшін қалада 32 мектептің құрылысы жүріп, соның 25-і пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды.
Жеке инвесторлардың есебінен медицина және сәулелі терапия орталықтары ашылды. Сондай-ақ,
2 аурухананың базасында инсульт орталығы іске қосылды. Өтіп бара жатқан жылда медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 71,5 пайыздан 81 пайызға дейін артты.
Қала экономикасына, алдын ала мәліметтер бойынша, 400 миллиард теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде қалада 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында жаңадан 10 кәсіпорын іске қосылды. Бұл 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде
2021 жылы 21 мыңнан астам адам сапалы электр жарығымен, 23 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылды және 25 мың тұрғыны бар бірнеше елді мекенге таза ауыз су берілді.
Бұл Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі. Мұның бәрі 2021 жылды шырайлы Шымкенттің өркендеу жолындағы мерейлі белеске айналдырып отыр.

Қадірменді қауым!

Қазақ – әрқашан болашаққа үмітпен қарап, алдан тек жақсылық күтетін халық. Сондықтан баршамыз жаңа, 2022 жылмен бірге ақжолтай жаңалықтардың келуін күтеміз.
Келер жылы халқымыздың ырысты ынтымағы сақталып, бүкіл Қазақ елімен бірге Шымкент қаласы да түрленіп, дами берсін!
Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңыз оңынан болсын! Жаңа жыл мол табыс пен жетістіктерге толы болғай!
Баршаны шаттыққа бөлеп келетін Жаңа жыл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.