Версия для печати

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА Избранное

Среда, 19 Январь 2022 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1248 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күндері Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елді мекен тұрғындарымен кездесті.

951

 

Түркістан облысынан Шымкент қаласының Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Соның бірі – Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елді мекен 2015 жылы сапалы сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 шақырым болатын газ жүйесі тартылды. Осы жылы автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылғанда 1 231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұдан бөлек, биыл тұтынушыларды сапалы қуат көзімен қамту мақсатында электр желісін тарту және көшені жарықтандыру және екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Алтынтөбенің тұрғындарымен болған кездесуде қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып отырғанындығын, елді мекендегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтты.
Сонымен бірге, әкім газбен қамту мәселесіне баса назар аударып, АГРС-3 нысанын іске қосу бойынша тиісті жұмыстарды аяқтау және қоғамдық көлік аялдамаларын көбейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, қала әкімі
Батыс шағынауданының тұрғындарымен де кездесу өткізді. Әкім Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда екенін жеткізді.
– Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі – коммуналдық-инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағынауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда, - қала басшысы.
Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-мен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде 10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесі де тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, тұрғындар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.