Білім ордаларында – жаңа басшы Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 478 раз

Шымкентте білім басқармасына қарасты мемлекеттік орта, мектепке дейінгі, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының бос орын лауазымдарына конкурстың әңгімелесу кезеңі өтті. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

962

 

Жанат Арысбекқызының айтуынша, жеті кезеңнен тұрған ашық конкурстан қала бойынша 17 кандидат іріктелген. Әңгімелесу барысында конкурстық комиссиядан 6 үміткер өтіп, білім ордасының басшы қызметіне тағайындалған.
Атап айтсақ, Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп директоры лауазымына А.Абдикадирова, Сабыр Рахымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектебіне Р.Кундебаева, №129 жалпы орта білім беретін мектебіне А.Айтбаева, №139 жалпы орта білім беретін мектебіне А.Урисов, «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатына» А.Жамалбекова, «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатына Е.Абдрасилов директор болып тағайындалды.
– Мектеп директоры білімді, сапалы, өзінің ойын анық жеткізе алатын, шындығына келгенде менеджер, кез келген ортада тіл табыса алатын, ең бастысы жауапкершілігі мол азамат болуы керек. Әңгімелесу барысында үміткерлердің жан-жақты қырлары талқыланды. Әуелде сынға түскен 40 үміткердің, он жетісі ақтық кезеңге өтті. Конкурстық комиссияның шешімімен тек алтауы іріктеліп, мектеп директоры лауазымына тағайындалды, - дейді басқарма басшысы.
Әңгімелесу комиссия алдында офлайн режимінде өтті. Ал үміткерлерді қолдап келгендер байқау барысын тікелей эфирде бақылауға мүмкіндік алды. Комиссия құрамына жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер мен білім ардагерлері кірді. Сұхбаттасудың соңғы кезеңінен өтпеген үміткерлер алдағы уақытта қайтадан өз бақтарын сынай алады.