Версия для печати

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1586 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Осы аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы төрт аудан халқымен кездесу өткізді. Кездесулер барысында шаһар басшысы қала аумағындағы елді мекендерді инженерлік-инфрақұрылым жүйелерімен қамту мәселелеріне баса назар аударды. Сонымен қатар, осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы атқарылуын тиісті мамандарға тапсырып, шаруаларды пысықтады.

975

 

Осы мақсатта шаһар басшысы Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабында болды. Тұрғын алаптағы күрделі мәселе - «Сайрам су» өзені арқылы өтетін көпір апатты жағдайда тұр. Баспалы темір көпір 90 жылдары тұрғындардың өз есебінен салынған. Дегенмен көпірді қайта-қайта су шайып, 2020 жылы апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталған. Аталған көпір Еңбекші ауданы мен Қаратау ауданына қарасты медициналық ұйымдардың ортасын байланыстырып тұрғандықтан, оны қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданған. Ені 5 метр, ұзындығы 18 метр көпірді жаңартуға демеушілер қолдау көрсетпек. Бүгінде көпірдің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Шаһар басшысы аралау кезінде қаланың дамуына қосқан үлесі үшін демеушілерге алғысын білдірді.
Мұрат Дүйсенбекұлы бұдан кейін Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті.
Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған.
Қала әкімі биыл Қаратөбе аумағындағы көшелерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстары басталатынын жеткізді. Сонда-ақ Бадам-1 тұрғын алабында - 153, Абдулабад тұрғын алабында - 484 жекеменшік электр желілерін ауыстыру жұмыстары қолға алынады. Тұрдыабад тұрғын алабында 1 балалар ойын алаңшасы салынады. Аумақтағы 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданындағы №129 мектепте тұрғындармен кездесіп, елді мекендегі және 195, 276 орамның инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын пысықтады.

974


Сәуле шағынауданы инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылған. 26,1 шақырым көшелердің 23,1 шақырымы (88,5 %) асфальттанған. 2021 жылы Көктөбе, Ж.Жабаев көшесі жарықтандырылды.
195 орам да инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз етілді. Электр қуатымен қамту жұмыстары 2019 жылы, ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған. 2021 жылы газ жүйелерінің құрылысы толық орындалды. 2022 жылы наурыз-сәуір айларында АГРС №3 газ тарату станциясы іске қосылған соң абоненттерге қосу жұмыстары жүргізіледі.
Биыл 8 көшеге (3,4 шақырым) тас төселді. 2022 жылы Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, Қарағанды және №1 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қолға алынбақ.
276 орамда инженерлік жүйелермен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Елді мекенге ауыз су толық жеткізілген. Электр қуатымен қамтуда «Ақсемсерстройсервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының 65 пайызы орындалды. 2022 жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарлануда.
Табиғи газбен қамту бойынша мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС биыл сәуір айында құрылыс жұмыстарын бастайды. Ол жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Газ жүйелерінің ұзындығы – 28 шақырым. Биыл 14 көшеге (15 шақырым) тас төсеу жоспарлануда.
Шаһар басшысы аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін қолға алынғанын атап өтті. Кездесуде айтылған тұрғындардың өтініші негізінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.