Версия для печати

Әскерге шақырушыларды тіркеу басталды Избранное

Среда, 26 Январь 2022 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1081 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жергілікті әскери басқару органдарында биыл 17 жасқа толатын бозбалаларды алғашқы әскери есепке қою басталды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

13

 

Тіркеу науқаны жастардың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтауға көмектеседі. Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы сараланып, олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтеді.
Биыл алты мыңға жуық жасөспірім тіркеу туралы куәлік алады деп жоспарланған. Тіркеу науқаны аясында қаланың жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері жігіттерді әскердегі қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Есепке алу-тіркеу жұмысымен бір мезгілде осы жылдың қаңтарында әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу науқаны да басталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.