Версия для печати

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК ҚАЖЕТ Избранное

Среда, 26 Январь 2022 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1353 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі шараларға тікелей байланысты екенін айтқан болатын.

107

 

Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасы жобасын бизнес өкілдерімен талқылады. Онлайн жиынға бизнес қауымдастық, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Қала әкімі жиналыстың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді әрі бірлесе жұмыс атқару екенін айтты.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек. Мемлекет басшысы қоғам өкілдерінің белсене атсалысуы және алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты құралдары екенін атап өтті. Президент «Қоғамдық бақылау туралы» заң дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл құжат мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, белсенді азаматтардың құқықтық бақылау құралдарын пайдалануына мүмкіндік береді. Бизнесті қорғау біздің басты міндетіміз және Сіздерді белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді М.Әйтенов.
Мәжілісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ш.Өтеев мегаполистегі жемқорлық әрекеттерінің көрініс табуы бойынша баяндап, қатысушылардың сұрағына жауап берді. Жиынды қорытындылаған қала әкімі кәсіпкерлердің ұсыныс, пікірлері тыңдаусыз қалмай, талқыланған мәселелер жемісін беретініне сенім білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.