Версия для печати

53 жүргізушіге айыппұл салынды Избранное

Среда, 26 Январь 2022 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1509 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші немесе жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпауы салдарынан болатын жарақат алу жағдайлары көп. Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады.

108

 

Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір тәулікте, яғни, 2022 жылдың 24 қаңтарында жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 53 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Бұл жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілерге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.