ҰРЛЫҚ БОЙЫНША ШАҒЫМДАР АЗАЙҒАН Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1289 раз

Еңбекші аудандық сотында 2021 жылдың 12 айында қылмыстық істер бойынша түскен арыздардың саны артқан. 2020 жылы 136 адамға қатысты қылмыстық іс қаралса, 2021 жылы қаралған іс 202-ге жеткен. Бұл туралы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының төрағасы Сайдыбаттал Тоқбергенов жылдық қорытынды есебінде мәлімдеді.

128

 

Биыл даулар «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында баламалы тәсілмен сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері арқылы шешу қолға алынған. Бұл жоба қаңтар айынан бастап қолданысқа енген. 2021 жылы Азаматтық істер бойынша түскен 4752 арыздың 3486 сына қатысты іс аяқталған. Оның ішінде 1863 іс шешімін тауып, 633 іске сот бұйрығы шығарылып, 522 талап қараусыз қалдырылған. 1377 арыз қайтарылып, 388 іс қысқартылған.
– Арыз иелерімен сотқа дейінгі кездесу мен келісім болмауынан және арыздың дұрыс берілмеуі салдарынан 522 талап-арыз қараусыз қалдырылды. Арыз иелеріне мамандар арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, -дейді Сайдыбаттал Лаулинұлы.
Айта кетейік, 2021 жылы Еңбекші ауданында ұрлық ісі бойынша арыз-шағымдар азайған. Ал, ұялы телефон ұрлығы мен электронды алаяқтық қылмыстарға айыппұл салынып, сот оларды бітімгершілікке шақырған.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.