Сауда үстемесі 15 пайыздан аспау қажет Избранное

Среда, 02 Февраль 2022 03:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 443 раз

Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын бақылайтын мониторингтік топ кезекті аралау жұмыстарына шықты. Бұл жолы «Нұрсәт» шағынауданындағы Grand Bereke сауда үйіндегі бағаларды сырттай бақылап, сауда үстемесін негізсіз өсірмеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

151

 

— Делдалдық схемаларды тексеру комиссиясы құрылған. Оның мақсаты кәсіпкерлік нысандарының өзара сөз байласып, тауар бағасын негізсіз көтеруіне жол бермеу. Егер заңбұзушылықтар анықталса, құзыретті органдарга ескерту жібереміз. Шағын және орта бизнес объектілерін тексеруге мораторий жарияланған. Осыған байланысты біз сырттай мониторинг жасаумен шектелеміз. Дегенмен бағаның негізсіз көтерілгені анықталса, бұл мәселемен жауапты органдар айналысады, - деді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбунасыр Жанбатыров.
Дей тұрғанмен аталған сауда дүкенінің әкімшісі Салтанат Әбдіраеваның айтуынша, тауар жеткізуші компаниялардың 70 пайызы қаңтар айында әкелетін өнімдерінің бағасын қымбаттатқан. Мұның себебін дистребьютерлік компания өкілдері шетелдік тауарларды тасымалдау құнының қымбаттауымен түсіндіреді. Яғни, тауарлардың бағасының көтерілуі логистикалық шығындарға байланысты болып тұр.
Мониторингтік топ Темірлан тас жолы бойындағы «Үрбибі» азық-түлік дүкенінің бағаларын барып көрді. Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Занкоев әлеуметтік маңызды 19 түрлі тауарларға сауда үстемесі 15 пайыздан аспау қажеттігін айтып түсіндірді.