Версия для печати

Жұмыс жоқ деме... Избранное

Среда, 02 Февраль 2022 03:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1657 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте өткен жылы пробация есебінде тұрған 200-ге жуық жас жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қалалық жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде орталықтың бөлім басшысы Дінмұхаммед Қанатұлы мәлімдеді.

152

 

Спикердің айтуынша, жалпы қалада пробациялық есепте тұрған 500-ден астам жас пен аутрич, neet санатындағы жастарға арнайы кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде 200-ге жуық жас тұрақты жұмысқа орналастырылған.
– Жалпы, аутрич және neet санатындағы жастарды біз үш топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топта жұмыс істеуге және оқып, жетілуге ниетті жастар санаты кіреді. Бұл топтағы жастарды өтпелі кезеңдегі neet санаты деп те атауға болады. Екінші топты жұмыс істеп, оқу оқуға мүмкіндігі немесе қаржылық жағдайының болмауы байланыстырады. Ал үшінші топ білім алып, жұмыс істеуге мүлдем талпынбайтын жастарды құрайды. Үшінші топтағы жастарды жұмысқа тарту үшін біздің бөлімнің мамандары қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда арнайы кездесулер ұйымдастырады. Жұмыссыз жүрген және тұрақты табысы жоқ жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп, жұмыспен қамту орталықтарына жолдаймыз, - деді бөлім басшысы.
Кездесуге келген Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыз жүрген жастарға мемлекеттен қолдау көп екенін айтты.
– Дипломы барларға жастар практикасы жол көрсетеді. Бұдан бөлек, 1 жылдық келісімшартпен қоғамдық жұмыстарға тарту ісі де қарқынды. Ал, «Еңбек» бағдарламасының шарапаты тым бөлек. Жоба бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастардың саны көп. Қысқа мерзімді оқу оқып та екінші мамандыққа ие болуға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтарына, жетім балаларға, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, - деді Амангелді Темірбаев.