Мобильді бригада – базарларда Избранное

Среда, 02 Февраль 2022 03:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 479 раз

Шымкент қалалық №9 емхананың мобильді бригадасы «Алаш» базарының сатушыларын ревакцинациядан өткізді.

156

 

— «Алаш» базары аумақтық жағынан Шымкент қалалық №9 емхана балансында. Бүгін ревакцинация үшін вакцинаның 40 дозасын жеткіздік. Мобильді бригадамен келіп, ревакцинация жасаудағы мақсатымыз — өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға көмектесу. Осылай екпені мерзімінде алып, вирустан сақтануға мүмкіндік жасап отырмыз, - деді №9 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Раушан Оразбаева.
Шымкент қаласы Абай аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Нұрбол Тағаевтың айтуынша, аталмыш аумаққа қарасты 13 базар бар. Оның 3-еуі жабық, 10-ы ашық базар.
— Абай ауданының насихаттық топ мүшелері тұрғындарға ревакцинациялау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, тиісті емхана қызметкерлерінің көмегімен ондағы сатушыларға ревакцинация жасалуда. 2021 жылы 1012 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Мобильді топта қоғам белсенділері, полиция қызметкерлері мен қоғамдық қауымдастық өкілдері бар,- деді Н.Тағаев.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.