БІРЛІК – БАРЛЫҚ, БАЙЛЫҚ, БАҚЫТ Избранное

Среда, 02 Март 2022 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1024 раз

Шымкент қаласындағы Этноауыл тарихи кешенінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мәдениет және өнер мекемелерінің,
қалалық төтенше жағдайлар қызметінің, полиция департаментінің қызметкерлері мен сарбаздар, ұстаздар мен дәрігерлер, этномәдени бірлестік өкілдері және жоғары оқу орындарының ерікті жастары атсалысты.

362

 

– Бұл мереке түрлі тарихи кезеңдер мен оқиғалардың салдарынан қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы қазақ халқына құрмет көрсететін, қамқорлығы мен мейірбандығы үшін алғыс айтатын күні. Бірақ, бүгінде мерекенің ауқымы мұнымен де шектелмейді. Біз бұл күні ақ жаулықты аналарымызға, ақ сақалды қарияларымызға, айналасындағы адамдардың игілігі мен елдің дамуы үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтарымызға алғыс айтуды, ризашылығмызды білдіруді дәстүрге айналдырып келе жатырмыз, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

363


Елімізде 2016 жылдан бастап 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды. Жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті. Дегенмен, соңғы 2 жылдың көлемінде жер шарын шарпыған коронавирус пандемиясы кезінде күні-түні тікесінен тұрып, науқастарды қабылдаған еліміздің медицина қызметкерлеріне зор алғыс білдіргеніміз орынды болар. Өйткені, дәрігерлер коронавирус тараған алғашқы сәттен-ақ пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрді. Олардың жаниқярлық еңбегіне Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев та әділ бағасын берген еді.
Айта кетейік, мереке күніне орай қала көшелері безендірілуімен қатар, «Шымқала» этноауылында көктем белгісі бәйшешек гүлінің, бейбітшілік пен мейірімділік құсы қарлығаштың алып бейнелері жасалды, қала тұрғындарына ерекше көңіл сыйлады. Сонымен қатар, қаламыздағы 15 ірі сауда–ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, теміржол вокзалы, базарлар мен студеттер көп тұратын шағынаудандарда 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылды. Естеріңізге салсақ, былтыр да қала тұрғындарына 1 миллион құрт таратылған болатын.