МӘСЕЛЕ ТУЫНДАСА, ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 849 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ге жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді. «Түркістан» сарайында өткен бірыңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

132

 

Әкім қабылдауына келген Самал-1 шағынауданының тұрғыны көршісінің үйі жолдың жиегіне орналасуына байланысты үйіне кіріп-шығу жолы жабылып қалғанын және үйдің ыңғайсыз орынға орналасқаны үшін сол көшедегі көлік қозғалысына кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.
Қала әкімі бұл азаматтың өтінішін жеке бақылауына алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысына тапсырды. Қазір басқармаға жол жиегіне ыңғайсыз салынған үйді мемлекет мұқтажына алу туралы ұсыныс жолданған.
Ал Еңбекші ауданының тұрғыны қала әкімінен баспана алуға көмек беруді сұрады. Ол бұған дейін үй кезегіне тіркелмеген. Иелігінде баспанасы болғандықтан, кезекке тіркелу мүмкіндігі жоқ.
Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерлер тек белгіленген тәртіппен, кезек арқылы үлестірілетінін атап өтті. Қазір қалада тұрғын үй алу тізімінде 48 623 азамат тіркелген. Соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 819 бала, 9 186 көп балалы отбасы, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын 16 957 азамат, 20 634 бюджеттік қызметші және үйі апатты жағдайда деп танылған 27 азамат бар.
Бірыңғай қабылдауға жазылған бірқатар тұрғын жер телімдері бойынша да мәселе көтерді. М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.