Мысалы, тігінші мамандығын меңгерген Маржан Абуова жұмыспен қамту туралы өтінішімен келген. Болашақта өз кәсібін ашқысы келеді. Қала әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына тігін шеберін жұмыспен қамтып, мемлекеттік бағдарлама аясында жеке кәсібін ашуға бағыт-бағдар беруді тапсырды.
Азаматтардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Ерғали Білісбеков мәселелердiң оңтайлы шешiмiн табуы үшiн заңға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, өтініштердің ескерілетінін жеткізді. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері бойынша жауапты мамандарға телефонмен хабарласып, бірқатар тапсырма жүктеді.