«Мамандандырылған күзет қызметі» Наурыз мейрамын атап өтті

Пятница, 08 Апрель 2022 11:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1099 раз

A18A2212-E954-4E03-AC8F-42E25E3FCFCB

Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды. Мекерелік іс-шараға басшылар мен жеке құрам, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Еркін Мұратбекұлы мен құрметті ардагер, Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқап Жақсылықұлы басқарма басшылары мен жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

93261934-6A9F-4FFA-A6D5-1BE0B8B0168E

Салтанатты жиын барысында әр саптық бөлімше «Мәдени мұралар» көрмесін әзірлеп, өздері пісірген ұлттық тағам түрлерін көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы мен өткізу дәстүрі туралы баяндама оқылды. Бөлімше қызметкерлері өзара қол күрес пен кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен жарыс өткізіп, жеңіске жеткен қызметкерлер алғыс хаттарымен марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.