ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАУАПТЫЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 701 раз

Үшінші мегаполисте тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен бөлім қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен мамандар арнайы келген.

158

 

Мекеменің қалалық филиалында өткен семинарға Шымкент қалалық және Түркістан облысы мен аудандарының автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы мен бөлімдерінің жетекшілері, мамандары қатысты.
– Мұндай семинар өткізудегі басты мақсат – халыққа қызмет ететін жол салудың сапасын жақсарту. Себебі, осы саладағы қызметкерлердің тек 10 пайызының жол саласы мамандығы бойынша дипломы бар. Ал жол құрылысына тапсырыс берушілердің біліксіздігі жол сапасына тікелей әсер етеді. Осыған орай жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтеді деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Бауыржан Жексенбеков.
Жол салуға, салаға қатысты жұмыстарға тапсырыс беруге жауапты қызметкерлер Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалындағы зертханамен, сынама жүргізетін құрылғылар және қондырғылармен танысты. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс істеу барысы түсіндірілді. Бұдан кейін елордалық мамандар мен жергілікті қызметкерлер саладағы соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелерді талқылады, пікір алмасты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.