ҚҰРСАЙДА АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 912 раз

Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда. Бүгінде Құрсай шағын ауданы ауыз суды кесте бойынша тұтынып отыр. Аталған мәселені шешу мақсатында өткен жылы құрылыс жұмысы басталған болатын.

167

 

Бүгінде қазба жұмыстарының 40 пайызы аяқталып, 90 шақырымға жуық су құбыры тартылған.
2022 жылдың соңына дейін құрылыс жұмысы толық аяқталып, 11 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.
Сондай-ақ, Құрсай елдімекені тұрғындары үшін күрделі мәселелердің бірі – табиғи газ және сапалы электр қуаты мәселелері.
Қазіргі уақытта аталған инфрақұрылым жүйелерін тарту мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2022 жылдың соңына дейін жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.