—Сіздер қаладағы азаматтық қоғамның белсенді өкілдерісіздер. Сол себепті Қоғамдық кеңесті қаладағы қоғамдық пікір мен тұрғындардың көңіл-күйінің барометрі деп білеміз. Алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеп, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатындарыңызға сенеміз, — деді Мұрат
Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, ендігі жерде Қоғамдық кеңестің төрағасы әр тоқсан сайын ротация тәртібімен ауысып отырады. Алғашқы тоқсандағы төраға болып мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай
Мырзахметов сайланған.