ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІЛЕДІ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 948 раз

Өткен жылы Шымкент қаласында 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сондай-ақ, 3 магистралды газ құбыры мен №3 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетіп отыр.

168

 

Бұл туралы Сайрам тұрғын алабында Қаратау ауданының тұрғындарымен кездескен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
–Жақын күндері №3 автоматтандырылған газ тарату станциясын іске қосамыз. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек биыл тағы да 2 магистралды газ құбырын жүргізіп, 8 елді мекенге ішкі желілерді жүргіземіз. Олар Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1-2, Батыс, Қайнарбұлақ, Сәуле (276 орам), Ақжар, Арғымақ, Нұртас, Солтүстік саяжай және Тассай елді мекендері. Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыруды жоспарлап отырмыз, – деді шаһар басшысы.

163


Тұрғындармен есепті кездесу барысында Мұрат Дүйсенбекұлы өнеркәсіпті дамыту, елді мекендерді инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету, жол, білім мен денсаулық сақтауды дамыту, мәдениет пен спорт және қоғамдық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстарды толықтай баяндап шықты.
Сондай-ақ, кездесу барысында қала әкімі тұрғындарға Қаратау ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Рахымберді Мүлкемановты таныстырды. Ол өз кезегінде Қаратау ауданында 2021 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоба-жоспарлармен бөлісті.