ӨНДІРГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ 103 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ Избранное

Среда, 20 Апрель 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 779 раз

Шымкентте өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен.
2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады: ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған.

51

 

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері болып табылады. Бағдарлама шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:
- сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша – 1 357 жоба;
- ішінара кепілдендіру бойынша – 1 126 жоба;
- жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша – 39 грант берілді;
- өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша - 3 жоба.
Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары одан әрі жалғасатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.