Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда Избранное

Среда, 20 Апрель 2022 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 930 раз

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында Еңбекші ауданына қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары волейболдан бақ сынады. Ойынға аудан бойынша 32 құрама командадан құралған 384 оқушы қыз қатысты. Қыздар арасындағы 3 айналымдық кездесу тартысты өтті.

49

 

А тобынан бақ сынасқан командалар – №24, Б тобына кіретін командалар жарысы – №36, С тобының ойыншылары – №63 жалпы орта білім беретін мектептерде жарыс көрігін қыздырды.
Спортты жанына серік еткен жасөспірімнің бірі – Сандуғаш Юсупова. Ол Қарабастау елді мекеніндегі №99 мектептің атынан қатысып, жеңіске қол жеткізсек деген арманмен келген.
– Бүгінде қаламызда бұқаралық спортты дамытуға күш салып жатыр. Қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің алдында балалардың спортпен айналысуына жағдай жасалған. Сол секілді, орталықтан шалғайдағы елдімекендерде спорт алаңшалары көптеп салынуда. Бұл біз секілді жастардың бос уақытын тиімді өткізуге пайдасы тиіп жатыр. Өткен жылы жастар лигасындағы оқушылардың жеңісі бізді қанаттандырды. Биыл біз де үлкен үмітпен келдік, - деді жас волейболшы Сандуғаш.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарының жеңімпаздары мамыр айында анықталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.