СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 836 раз

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының жанынан сәулелі диагностикалық орталық ашылды. Бұл орталық Балалар жылына орай бүлдіршіндерге жедел әрі
кешенді диагностикалық қызмет көрсетуді үйлестіру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

81

 

Сәулелі диагностикалық орталықтың қызметіне қаланың кез келген бүлдіршіні учаскелік дәрігердің жолдамасымен келіп, заманауи құрылғыларға түсе алады.
— Өткен жылы қалалық бюджет есебінен ауруханаға соңғы үлгідегі МРТ аппараты алынған болатын. Бүгінде ол толығымен құрастырылып, жұмыс істеп тұр. Стационарлық ем қабылдап жатқан және жедел көрсеткіші бар, аурухананың қабылдау бөліміне, жарақат бекетіне келген науқастар МРТ, КТ, рентген, УДЗ, ЭКГ, ЭЭГ диагностикалық зерттеулерден кезексіз өтеді. Бүгінде күніне 100-150 бүлдіршін қаладағы емхана, ауруханалардан жолдама арқылы келіп, сәулелі диагностикалық орталықтың қызметіне жүгініп отыр. Айта кетейік, кейбір емханаларда бейіндік дәрігерлер тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бізде консультативті диагностикалық кеңес алу қызметі де жолға қойылған, – дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев.
Сәулелі диагностикалық орталық меңгерушісі Қазыбек Сейітқазыұлының айтуынша, науқастар хирург, уролог, травматолог, нейрохирург, пульмонолог, аллерголог, ревматолог, оториноларинголог, невролог, кардиолог дәрігерлерден кеңес ала алады. Мәселен, бір айдың көлемінде 150-ден астам ата-ана балаларын кардиохирургтің қабылдауына әкелген.