ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРАТЫН 53 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 678 раз

Шымкент қаласында 2022-2025 жылдар аралығында импорт алмастыру бойынша құны 527,2 млрд теңгеге 7 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Селекторлық режимде өткен жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

93

Аталған жобалар іске асырылған жағдайда 493 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 319 млрд теңгеге импорт алмастырылатын болады, ал экспортқа 153,2 млрд теңгенің өнім шығарылады деп болжануда.
Жүзеге асырылатын жобалардың қатарына алюминий банкілерін өндіретін «KazAlPack» ЖШС, санфаянс пен ірі габаритті және шағын габаритті керамикалық плитка өндіретін «Orient Сeramic» ЖШС, шыны өндірісін ұйымдастыратын «Orient Glass» ЖШС, ұнтақ полипропилен өндіретін «Шымкент химия компаниясы» ЖШС, «Hill Resources» ЖШС-нің базалық майлар өндірісі сынды ірі жобаларды қосуға болады.
Сонымен қатар, импорт алмастыруды дамыту мақсатында 438 га аумаққа 2 индустриялық аймақ қосылады. Олар – ірі өнеркәсіп ошақтары орналасатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдейтін кәсіпорындар шоғырланатын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы.
Жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялы аймағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және тағы басқа салаларда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, 200 млрд теңгеден астам қаражатқа 50-ден аса ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ.
Жалпы алаңы 132 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндіру зауытын және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірге сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.