«DARIKZ» АРҚЫЛЫ ДӘРІ БАҒАСЫН БІЛУГЕ БОЛАДЫ Избранное

Пятница, 29 Апрель 2022 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 889 раз

Шымкент қаласы әкімдігі Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Л.Қашқымбаева мен департаменттің медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің басшысы Р.Сәбитова қаладағы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау жайында баспасөз брифингін берді.

114

 

– 2021 жылы Департаментке 300 өтініш келіп түссе, оның 226-сы қаралған. Келіп түскен өтініштер негізінде 94 тексеру жүргізіліп, құзіреттілігі шеңберінде қарау үшін 47 өтініш тиісті мекемелерге жолданды. Сонымен қатар, мамандар 74 өтінішті қараудан бас тартса, 6 өтінішті иесі кері қайтарған.
2021 жылы шағымдардың ең көп саны медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен стационар деңгейінде мемлекеттік медициналық ұйымдардың қызметіне жазылған.
2021 жылы Шымкент қаласының 31 жекеменшік медициналық ұйымда жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша 18, мемлекеттік органдардың хаты негізінде
18 тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша 11 өтініш негізді, ішінара негізделген 23 жағдай және негізсіз 2 шағым анықталды, - деді Л.Қашқымбаева.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 тоқсанда өтініштер мен хаттардың ең көп саны МСАК деңгейі мен стационар деңгейіне тиесілі болып отыр. Аталған мерзімде барлығы 16 өтініш түсіп, оның ішінде негізделген 1, ішінара негізделген 11, негізсіз 2 шағым тіркелген.
Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласының жекеменшік үш медициналық ұйымында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде ішінара негізделген 2 жағдай, негізсіз 1 жағдай анықталған.
Өтініштің мазмұны бойынша басым көп жағдайда сапасыз тексерілуге және емделуге, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты берудің негізділігіне, емдеуге жатқызудан бас тартуға, науқастарды қабылдауды ұйымдастырудағы кемшіліктерге және өзге де себептерге шағымдар болды.
Бүгінде елімізде ҚР ДСМ бұйрығы негізінде 7 256 дәрілік зат саудалық атауы бойынша шекті бағалармен қолданыста. Бұл дәрі-дәрмек нарығында алыпсатарлықты және дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, елімізде «DariKz» электрондық қосымшасы жұмыс істейтінін хабарлаймыз, аталған қосымшаны смартфонға жүктеп алып, халық ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар туралы барлық ақпаратты, оның ішінде олардың бағасын біле алатындығы туралы айтылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.