Расында, Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер – елдің бірлігі мен халықтың татулығының нәтижесі. Жетістіктерімізді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. Ынтымағы жарасқан, бейбіт елдің бірлігінің сақталуына әрбіріміз атсалысайық. Бәріміз бірлік пен тұрақтылықтың мекенінде еңбексүйгіштігімізбен, табандылығымызбен ғана қуатты әрі дамыған мемлекет құра аламыз.
Қадірлі жерлестер!
Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек. Баршаңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Бір шаңырақтың астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі татулық әрдайым берік болсын!
Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі
Бахадыр Нарымбетов,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы