Жаңа достармен табыстырды Избранное

Среда, 04 Май 2022 03:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 744 раз

Еңбекші ауданына қарасты жалпы орта мектеп оқушыларынан құралған командалар арасында баскетболдан «Шымкент жастар лигасы» ойындары өтті. Жарысқа ұзын-саны 35 команда қатысты.

150

 

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, бірінші айналымның кездесулері №24 мектепте ұйымдастырылды. Бәсекеде 10 мектеп командасы бас сынап, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде бабы мен бағы қатар шапқан №38 мектеп ойыншылары жеңіс тұғырынан көрініп, жартылай финалға жолдама алды.
– Үш командамен кездестік. Бұл жеңіс бізге оңай келген жоқ, күнделікті жаттығулардың нәтижесі деп білеміз. Екіншіден, күш бірлікте екенін дәлелдедік. Бапкеріміз Мұрат Әбділдаға алғысымызды білдіреміз. Жалпы, жастар лигасының бізге бергені, үйреткені көп. Шынығасың, тәртіпке үйретеді, өмірлік көзқарасың жақсы жағына өзгереді, төзімділікке баулиды. Жаңа достар тауып, жаңа орта қалыптасты. Қарсылас командалар да осал емес екен. Сондықтан ойындар қызықты да тартысты өтті, – деді №38 мектеп командасының капитаны Олжас Көшербаев.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесуі мамырда қорытындыланады.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.