ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ Избранное

Среда, 04 Май 2022 03:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 175 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Астана алаңында өткен мерекелік салтанатты жиын «Қазақстан — бейбітшілік мекені» театрландырылған хореографиялық қойылымымен басталып, «Достық» шеруі мен хореографиялық композицияға ұласты.

165

 

– Қазақстан халқының бірлігі күні – бірлік пен татулықты ту еткен айтулы мереке. Қазақ даласына тарихи оқиғалардың салдарынан көшіп келіп, пана тапқан түрлі этнос өкілдері осы бірліктің арқасында Қазақстан халқымен біте қайнасып, бүтін мемлекетке айналды. Бірлік бар жерде ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалдық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз» деген болатын.
Шымкентте халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауқымды істер атқарылып келеді. Мысал ретінде №3 газ тарату стансасының іске қосылғанын атап өтсек болады. Қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайтын нысанның іске қосылуы алдағы 5-10 жылда Шымкенттегі табиғи газ тапшылығын шешуге мүмкіндік беріп отыр. Төрт жылда Шымкент қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 490 млрд теңгеге жуықтады. Алдағы уақытта қаладағы барлық елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдіріп, ауызсу, сапалы электр қуатымен қамтуда көптеген жұмыстар атқарылмақ, – деді қала әкімі М.Әйтенов.
Мерекелік іс-шараның жұлдызды қонақтары – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен жерлесіміз Заттыбек
Көпбосынұлы әннен шашу шашып, қонақтардың қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, өнерлі бүлдіршіндерден құрылған би ұжымдары мен Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.