Версия для печати

БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҮЛЕСІ АРТАДЫ Избранное

Среда, 04 Май 2022 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 798 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚУ мәжіліс залында Әл-Фараби ауданы тұрғындарының алдында есеп берді.

164

 

Есепті кездесудің кіріспе сөзінде Мұрат Дүйсенбекұлы әр тоқсан сайын халықпен жүздесетінін жеткізді. Бұған дейін әкім 80-нен астам кездесу өткізген. 81 елді мекеннің 76-сын аралап, 693 мәселені тыңдады. Оның 91-і өз шешімін тапты.
Қала әкімі әр салада оң көрсеткіштер орын алғанын атап өтті. Мәселен, ЖӨӨ 3,5 пайызға өсіп, 2,7 трлн теңгені құраса, биыл бұл көрсеткішті 3 трлн теңгеге жеткізу жоспарда тұр. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған жобаларға тоқталды.
– Шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылады. Бүгінде кәсіпкерлерге ғимаратты жалдау құнын субсидиялау қарастырылған. Бірінші жылы 75 пайызын, екінші жылы 50 пайызын, үшінші жылы 25 пайызын мемлекет өтейді. Сондай-ақ, 1 пайызбен несие беріледі. Келешекте 300 млрд теңге инвестиция тартып, 8 мың адамды жұмыспен қамтимыз, – деді Мұрат
Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысы демографиялық өсу динамикасын негізге ала отырып, қаланы алты бағытта даму қарастырылатынын мәлімдеді. Олар – инженерлік инфрақұрылым, жол, тұрғын үй, білім, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмыссыздық деңгейін азайту бағыттары.
Мұрат Дүйсенбекұлы баяндамасында биыл су мен электр қуаты мәселесі 99 пайызға, қала көшелерін жарықтандыру 57 пайызға шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар, көп қабатты үй құрылысының үлесін арттыруға көңіл бөлінетінін айтты.
Әкім есебінен соң Әл-Фараби ауданының басшысы Рашид Мыңбаев тиісті аумақта бүгінге дейін атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Ол 2023 жылға қарай ауданның көп қабатты үйлер орналасқан бөлігінде аулаларды абаттандыру мәселесі толық шешілетінін мәлімдеді.
Қала әкімі кездесу соңында әл-фарабиліктер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сұрақ барысында халықты негізінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер көбірек алаңдататыны аңғарылды. Сауалдар негізінен Сәуле шағынауданы төңірегінде қойылды. Тұрғындар осы шағынаудандағы спорт алаңшасы, қоғамдық тәртіп, жол, ирригация тағы да басқа мәселелерді көтерді.