ЖОЛДАР ТАСПАМЕН ТАРТЫЛҒАНДАЙ БОЛАДЫ Избранное

Среда, 04 Май 2022 03:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 589 раз

41 магистральді көше ағымдағыжөндеуден өтті

Үшінші мегаполисте жолдарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған жауапты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бірінші кезекте, магистральді көшелерді күтіп-ұстау жұмыстары орындалуда. Кешенді жоспар аясында ауа райының қолайлы сәттерінде ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ой-шұңқырлар тегістелді.

167

 

– Бүгінгі таңға дейін мердігер мекемелер өз міндеттерін тиісті кестемен орындап келеді. Жалпы көлемі 14 мың шаршы метр көлемдегі жол жабыны қалпына келтірілді. Осы жұмыстар аяқталған соң, екінші кезекте, елді мекендердегі ішкі орам көшелерін ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ол жұмыстар маусым айынан басталады, – дейді басқарма басшысы Ержан Жолдасов.
Жөнделіп жатқан магистральді көшелердің жалпы саны – 41. Оның ішінде ең көбі қаланың орталық ауданы саналатын Әл-Фараби ауданында орналасқан – 19 көше. Бұған қоса Абай ауданы бойынша – 9 көше, Еңбекші ауданында – 8, ал Қаратау ауданында 5 көше жөнделді.
Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы жолдарды күтіп-ұстау мақсатында ағымдағы жөндеумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасады.
Айта кетейік, биыл басқарма тарапынан шаһарда 63 аялдама орнатылған. Олардың қатарына Абай ауданындағы – 14, Қаратау ауданындағы – 18, Еңбекші ауданындағы – 26, Әл-Фараби ауданындағы 5 аялдама кіреді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.