АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ Избранное

Пятница, 06 Май 2022 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1154 раз

Жеңіс мерекесі қарсаңында Ауған соғысының ардагерлері, Қоғамдық кеңес, Азаматтық альянс ұйымдарының мүшелері, ерікті жастар Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Абылай Қазыбаевты құттықтап, шаңырағына арнайы бас сұқты.

210

 

Майдангер қарт соғыстың сұмдықтарын әңгімелеп, Құдай мұндай қырғынның ендігәрі бетін аулақ қылсын деген тілегін арнады.
Ардагер қан майданда Украина, Белоруссия жерінде соғысып, Кенигсбергкке дейін барған. Екі рет ауыр жараланып, немістердің қоршауынан аман шыққан. Майданда көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Кенигсбергті азат еткені үшін» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
Бейбіт өмірде құрылысы саласында, одан зейнеткерлікке шыққанша ТЭЦ-2 мекемесінде машинист болып қызмет істеген.
Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері кеңесінің төрағасы Серғали Рысбеков ардагердің кеудесіне С.Рахымов медалін тақты.
Ал «Асыл әлем» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, кәсіпкер Нұргүл Қобланова ауа тазартқыш құрылғы сыйға тартты. Кездесу соңында қарт майдангер келген қонақтарға алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.