Ерлік – ұрпаққа мұра Избранное

Пятница, 06 Май 2022 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 949 раз

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі мерекелік іс-шара өткізіп, соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні мерекелеріне арнап дастархан жайылды, сый-сияпат жасалды. Алдымен майданда және тылда жан қиған марқұмдарға арнап, Құран оқылды.

211

 

– Құрметті ардагерлер! Сіздерді алда келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз әрдайым қарияларын қадірлеген. Бүгінде құрылғанына 30 жыл толған Қарулы күштеріміз ел қорғанышына айналған. Ал екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен ата-әжелеріміздің жанқиярлығы тарихта алтын әріптермен жазылды. Енді ел іргесінде соғыс болмасын, аспанымыз ашық болсын! – деді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.
Жиында театр әртістері мен әжелер хоры ән салып, студенттер майдан өмірінен сахналық қойылым көрсетті. Соңында ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді.
Айта кетейік, Қаратау ауданында бүгінде 1 ҰОС ардагері, 350-ге жуық тыл ардагері тұрады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Другие материалы в этой категории: « АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ Мерекемен құттықтады »