Мерекемен құттықтады Избранное

Пятница, 06 Май 2022 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 532 раз

Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлы - 96 жаста. Қазіргі таңда 2 ұл, 6 қыздан 20 немере, 18 шөбере сүйіп отырған қадірлі қария әлі де тың. Өзі жүріп-тұра алады. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков Отан үшін от кешкен майдангерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

212

 

Іс-шараға Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары және еріктілер қатысты. Биыл мамыр айында 97 жасқа толатын қарт майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Тағылымды іс-шарада ҰОС ардагері өзі куә болған тарихтағы зұлмат жылдарды әңгімелеп, жастарды отанды сүюге, білімді болуға шақырды.
Қариялар қашанда елдің қазынасы. Бүгінде қаламызда Ұлы Отан соғысының жеті ардагері қалған. Бейбіт күндеріміздің жаршысы болған Жеңіс жауынгерлерінің Отан қорғау мен еңбектегі ерлігі қандай құрметке болса да лайық. Қала әкімдігі соғыс ардагерлерін қамқорлығына алып, қолдау көрсетіп келеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.