СПОРТШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНА КӨМЕКТЕСТІ Избранное

Пятница, 06 Май 2022 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 684 раз

«Тәуелсіздік» саябағының алдында спортшылардың қатысуымен «Нашақорлыққа қарсы күресте спортшылардың үлесі» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың мұрындық болуымен сервистік тәсілді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында қолға алынды.

213

 

Пилоттық жоба Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің №26, 33 учаскелік полиция пункттерінде іске асырылуда. Жоба бойынша полиция қызметкерлері нашақорлықпен күресте қоғам өкілдерін, соның ішінде, спортшыларды көмекке тартуды көздейді.
–Есірткі мен психотроптық заттарға қарсы күресте полицияға қоғам тарапынан көмек болса, нәтижесі зор болар еді. Бүгінгі акция барысында жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, спортшылар құқық қорғау органы өкілдерімен бірге еріп, көпқабатты үйлердегі есірткі саудасына байланысты жасырын жазбаларды анықтап, өшіруге көмектеседі, - деді ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының «Арнайы пәндер» циклінің аға оқытушысы полиция подполковнигі Нұржан Жақсылықов.
Иә, акцияның жоспарына сәйкес, спортшылар полицейлермен бірге жүріп, көпқабатты үйлердің бұрышына жазылған есірткі сатушылардың құпия белгі беретін жазбаларын арнайы бояғыш заттармен өшірді.
Іс-шара соңында акцияға қатысқан жастар мақтау қағаздармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция әлі де жалғасын табады.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.