Версия для печати

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Избранное

Пятница, 13 Май 2022 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1272 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық ҚХА Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде жиын өткізді.

502

 

Қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің мүшелері және қала жастары қатысқан іс-шарада Ата Заңға енгізілген өзгерістер жайы талқыланып, еліміздегі саяси жүйені жаңғырту мәселелері сөз болды.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев жалпыхалықтық референдумға қатысу әрбір азамат үшін үлкен саяси мүмкіндік екенін атап өтті. Азаматтар өз ұстанымдарын білдіру арқылы болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті, Отан алдындағы маңызды борышты жете ұғына түседі.
–Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа идеялар, жаңа бастамалар керек. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттің, қоғамның өміріне елеулі өзгеріс әкеледі. Бұл ретте жастар, аға буын өкілдері жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ел өміріндегі саяси маңызы зор оқиғаға баршаңызды белсене қатысуға шақырамын, - деді Б.Жалмұрзаев.
Сондай-ақ, жиында «Ынтымақ» этносаралық бірлестігі төрайымының орынбасары Артықбай Үсембай, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің жетекшісі Н.Мейірбеков ой-пікірлерін ортаға салды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.