Үшем дүниеге келді Избранное

Пятница, 13 Май 2022 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1245 раз

Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды.

505

 

Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.
Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.
Айта кетсек, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і қыз болса, 5484-і ұл бала.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.