Версия для печати

АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 20 Май 2022 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1225 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының 5 нүктесінде орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданында демеушілер тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған болатын.

555

 

Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына қайта қолжетімді. Олар Ғ.Ілияев көшесі-Қонаев даңғылы қиылысы, Арбат, Түркістан көшесі 55 үй, «Мацарелло» мейрамханасының алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Жақын күндері Әл-Фараби ауданында мұндай ауызсу бұрқақтары тағы 6 жерге орнатылмақ.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген тұрғын сусындау үшін субұрқақтарды күтіп ұстауға шақырамыз. Қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.