Версия для печати

3 013 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1221 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте алғашқы тоқсанда нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңестің жиынында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

616

 

Басқосудың күн тәртібінде үш басқарманың – атап айтқанда, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, қаржы және тұрғын үй басқармалары басшыларының есебі тыңдалды.
Алдымен Балмаржан Нарбекова қалада әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Жауапты маманның мәліметінше, 2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша қаладағы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.
– Осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінге дейін нақты 6 004 адам қатысты немесе жоспар 17,9 пайызға орындалды. Ал кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетіледі. Оның ішінде 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерді оқыса, 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі деп жоспарланған, – деді басқарма басшысы.
Балмаржан Полатқызы бұған қоса алғашқы тоқсанда нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын хабарлады.
Бұдан кейін күн тәртібі бойынша қаржы және тұрғын үй басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.