Медициналық тексеруден өткізді Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1152 раз

Шымкент қалалық №6 емханада «2022 жылы – Балалар жылы» және  «1 маусым – Халықаралық балалар» күніне орайластырып «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының эпилептолог, кардиолог, пульмонолог, аллерголог дәрігерлері шақыртылды.

725

 

– 2022 жыл – Балалар жылы. Сондықтан бүгінгі іс-шараны «Бала денсаулығы – ұлт саулығы» деп атадық. Көптеген ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының білікті мамандарын арнайы шақырдық. Олар бүгін балалардың денсаулығын тексеріп, кеңестерін берді. Бұл үшін балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділоваға алғыс айтамыз. Ары қарай да балалардың саулығын жақсартуда әріптестікті нығайтамыз деген жоспарымыз бар, - деді Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгүл
Қылышбаева.
Ашық есік күніне келген ата-аналардың қарасы көп болды. Келушілердің басым бөлігі пульмонолог, аллерголог, невропатолог, кардиолог мамандардың көмегін алды. Тәжірибелі дәрігерлер бірқатар ата-анаға қосымша медициналық тексеріс жасап, балалар ауруханасының мамандарына жүгінуге кеңес берді.

724


Дана Ташкенбаева аллерголог-дәрігердің кеңесін алды. – Баламның терісі қышынып, ем-дом алып жүргенбіз. Нақты себебін анықтай алмадық. Аллерголог қосымша тексеріс жүргізуге кеңес берді. Аурудың пайда болу себептерін түсіндіріп берді. Зертханалық талдаулардан кейін жолдамамен балалар ауруханасына баратын боламын, - деді Д.Ташкенбаева.
Сондай-ақ ашық есік күні аясында емхананың хирург, стоматолог, лор дәрігерлері балаларды қабылдады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.