Халық – биліктің екінші аты Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 697 раз

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкентте жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.

734

 

Нұрлан Құдиярұлы мен Айгүл Жарылқасынқызымен өткен кездесуге оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған оқытушылар құрамы, профессорлар, студенттер қатысты. Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған жиын «Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейтудегі құқықтық тетіктер» тақырыбына арналып, еркін форматта өтті.
Сенатор Нұрлан Бекназаров соңғы жылдардағы елдегі саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім екенін айтып, 5 маусымда болатын реформа солардың негізгісі екеніне тоқталды. «Ондағы негізгі мақсат – Ата заңғы өзгеріс енгізу» деді сенатор. Ал, Айгүл Қапбарова сапалы өзгерістер ел дамуының өзегі деп атап өтті.
– Бұл жолғы өзгерістер – өте маңызды. Себебі, «Халық» сөзі алғаш рет кең ауқымда қолданылып отыр. Яғни, елдегі негізгі билік көзі – халық. Елдегі ауқымды өзгерістер халықтың шешімінсіз қабылданбайды. Ал, Конституция – еліміздегі саяси жүйенің темірқазығы, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.
Жиында ОҚМПУ оқытушылары, тарихшылар сөз алып, Қазақстан тарихындағы өзгерістерге тоқталды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.