ДОСТЫҚ ПЕН ТУЫСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕП Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 961 раз

«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы». Шымкентте осындай ұранмен Қазақстан және Өзбекстан делегаттары қатысқан халықаралық конференция өтті.

736

 

Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-де өткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Өзбекстан этносаралық қатынастар және шет ел мемлекеттерімен достық комитеті төрағасының кеңесшісі Зафар Ахметов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсінбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Тауфик Каримов, ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты.
Жиынды жүргізіп отырған ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов ОҚУ-мен бірге ұйымдастырылған конференцияны өткізуге Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсеткенін және көршілік қарым-қатынастың дамуындағы халықтық дипломатияның рөлін дәріптеуге арналғанын айтты.
Халықаралық конференцияны ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан алдымен қатысушыларға қала әкімі Мұрат Әйтеновтың сәлемі мен ыстық лебізін жеткізді.
– Бауырлас екі ел арасындағы байланыс ежелден берік бекіп, жақсы өрбуде. Еліміздің оңтүстігіндегі Шымкент қаласы да осы байланысқа қомақты үлес қосып келеді. Үшінші мегаполистегі миллионнан астам тұрғынның 18 пайызын өзбек этносының өкілдері құрайды. Қаламыздағы мектептерде өзбек тілінде сабақтар өтеді, мәдени-ағарту жұмыстары жүзеге асырылуда. Өзбекстан Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы сауда-саттық байланыстың көлемі биылғы І тоқсанда 81 млн АҚШ долларынан асты. Бұл бұған дейінгі жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда артық. Осындай тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта жаңа деңгейге көтеріліп, жандана түсеріне сенімдімін, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.