ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ТАҒЫЛЫМДЫ МҰРА Избранное

Среда, 01 Июнь 2022 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1052 раз

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкент қаласының жұртшылығы боздақтарға тағзым жасады. «Қасірет» мемориалында өткен жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен депутаттар, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

737

 

Ескерткішке гүл шоқтарын қойған соң еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланды. Марқұмдардың рухына арналып, Құран аяттары бағышталды. Көпшілік арнайы қойылған инсталляцияны тамашалап, қала әкімі қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен тілдесті.
– Бұл – қазақ тарихындағы қаралы күннің бірі. Солақай саясаттың кесірінен ұлтымыздың қаймағы мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Енді олардың атын еске алып, жадымызда сақтау, құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың, біздің парызымыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

738


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін көрген азаматтарды ақтау жөніндегі комиссия құрылған.
– Бұл тұлғалардың тарихтағы орны бөлек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкентте де комиссия құрылған. Бір жылдан астам уақыттан бергі жұмыс нәтижесінде ғалымдар түргі органдардың архивтерінде жатқан алты мыңға жуық құжатты тауып, зерттеп, бұрын 90-жылдары ақталмаған азаматтарды республикалық комиссияға ұсынуда. Сонымен қоса Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін көрген азаматтарға арналған музей қайта жаңғыртудан өтеді. Жалпы, тарихқа тағзым ету, өткеннен сабақ алу – болашақты кемел етеді, жас ұрпақтың бойында тарихи жады қалыптастырады, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.