ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 102 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 03 Июнь 2022 03:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 860 раз

Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қала әкімдігі бекіткен жобаға сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған.

516

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы
Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағынаудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады.
Мұнан бөлек 30 көшедегі ескі жарық шамдар заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тасжолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар.
Жарықтандыру жұмыстары 2022 жылы да жалғасын табуда. Нақтырақ айтқанда, биыл 102 көше жарықтандырылады деп жоспарланған.
Жалпы, өткен жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356-сы жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызды құраған еді. Биыл атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жарықтандырылған көшелердің саны 458-ге жетіп, қамту көрсеткіші 61,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы тағы 106 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 70 пайызға жетеді.
Айта кетейік, қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталық арқылы қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғанын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққанын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.