КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ТІГІНШІЛІКТІ ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ Избранное

Среда, 08 Июнь 2022 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 878 раз

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында көпбалалы аналар тігін ісін тегін меңгеруде.

558

 

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орталықты аралап, жұмыс барысын одан әрі жетілдіру бойынша осында қолдау тапқан азаматтармен кездесті.
Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдау орталығында арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі киімдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде.
Орталықта жалпы түрлі бағыттар бойынша басқа да оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйретеді. Мұндағы мақсат – аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналарға қолдау көрсету.
Сонымен қатар, орталық қызметкерлері келішулерге психологиялық, құқықтық кеңес береді.
Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызмет алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады.
Мекемеде жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.