ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫмНЫҢ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛАДЫ Избранное

Среда, 08 Июнь 2022 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 627 раз

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясында 10 мәселе қаралып, бәрі де депутаттар тарапынан қолдау тапты.

562

 

Атап айтқанда, алдымен «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгені құрады.
Қала әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру бойынша 10 үміткердің тізімін таныстырды.
Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі, қала аумағында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту шешімін мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Атап айтқанда, қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшері айына 27,3 теңге болып бекітілді.
- Мәслихат сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Қаланың 2022 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Қосымша қаралған қаржылар шаhардың инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің дамуына бағытталып отыр,- деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Шаhар басшысы алда қала күніне орай өтетін іс-шараларға мәслихат депутаттарын белсенді қатысуға шақырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.