1 шілдеден бастап үйді басқару пәтер иелеріне өтеді Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 875 раз

Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудандағы көп қабатты үй комитеттерінің төрағаларымен, тұрғындармен жүздесті. Күн тәртібіндегі жалғыз тақырып – көп қабатты үйлерді жаңа басқару түріне өткізу.

717

 

Жиынға аудан әкімімен қоса қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та қатысты. Жауапты мамандардың айтуынша, 2022 жылдың шілдесінен бастап бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі жұмысын тоқтатып, оның орнына үй басқару толық пәтер иелерінің қолына өтеді. Ол үшін тұрғындар пәтер иелерінің бірлестігі (ПИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) формасын таңдаулары тиіс.
– Ол үшін көп қабатты үй тұрғындарының кемінде 10 пайызы жиналып, белсенді топ құрады. Одан кейін жалпы жиналыс өткізіп, оған сол үйдегі тұрғындар қатысуы тиіс. Сол жерде нысанды басқарудың пәтер иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік секілді екі түрінің бірі таңдалып, хаттама түзіледі. Егер пәтер иелерінің бірлестігі болса, онда заңды тұлға ретінде әділет органында тіркеледі, ал жай серіктестік жеке тұлға ретінде қызмет етеді. Ол үшін сол тұлғаға барлық тұрғын сенім білдіруі тиіс, – деді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.
Жиында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та сөз алып, жаңа басқару жүйесі бойынша тұрғындар өз пәтерлерінің шаршы метріне байланысты қаржы жинайтынын, ол қаржы үйді залалсыздандыру, коммуналды жүйені күтіп-ұстау секілді жұмыстарға жұмсалатынын, оның барысын тұрғындар бақылай алатынын жеткізді.
Бұдан кейін тұрғындар мен үй комитеттерінің төрағалары сұрақ қойып, пікір алмасты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.