КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ДЕ ЖЕТТІ Избранное

Среда, 15 Июнь 2022 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 951 раз

Шымкентте Ұлағат, Мирас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Аталған елді мекен тұрғындарын биыл әсіресе кәріз  жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ бұл жұмыстардың сапалы және уақтында орындалуы қала әкімдігінің жіті назарына алынған.

15

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шалғай орналасқан Ұлағат, Мирас, Тассайда болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Ұлағат шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысын мердігер «Алемстрой-1» компаниясы жүргізіп жатыр. Құрылыстың ұзындығы 40,9 шақырымды құрайды.
Мердігер мекеме құрылысты бітсе, 2248 абонент кәріз жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда құрылыстың 18,3 шақырымы аяқталып, жоспарлы жұмыстың 40 пайызы орындалған. Нысан осы жылдың қарашасында ел игілігіне берілмек.
Тассай тұрғын алабында да кәріз жүйесінің қажеттілігі бірнеше рет көтерілген болатын. Биыл бұл бағытқа қаржы қаралып, құрылыс басталып кетті. Мұндағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын мердігер «Сарыағаш Аман» ЖШС-і қолға алып, 115,2 шақырым кәріз жүйесінің 66,3 шақырымына құбыр тартып үлгерген. Бүгінде орындалған жұмыс құрылыстың 62 пайызын құрап отыр. Алайда, нысан келер жылы іске қосылады.
Қала әкімінің сапары Мирас шағынауданында жалғасты. 980 түтіні бар Мирас шағынауданы электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Бүгінде елді мекенге кәріз жүйесі жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, Мирасқа 50,4 шақырым кәріз жүйесі жүргізіліп, ол ары қарай Шапағат-2 шағын ауданына ұзартылады. Бүгінде «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС құрылыстың 38 пайызын орындаған. Нысан қараша айында пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, биыл шаһарда 14 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл соңында 2 магистральді кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 елді мекендегі нысан құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесін пайдаланбақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.