«Жүрек төріндегі мекен» Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 849 раз

Әр азаматтың кіндік қаны тамған жері, өсіп-өнген өлкесі жүрек төрінен орын алары сөзсіз. Елге қызмет етіп, елордада жүрсек те, Шымкенттің орны ерек.

26

 

Шымкентке республикалық қала статусы берілген уақыттан бері шаһарда көп өзгеріс орын алған. Қалада құрылыс қарқынды. Зәулім ғимараттар, көп қабатты үйлер бой көтеріп, жаңа шағынаудандар пайда болған. Өңірге іс-сапармен 2-3 айда жол түсіп тұрады. Әр сапар сайын мегаполистің күн санап көркейіп келе жатқанын көріп, көңіл марқаяды. Мәселен, даңғыл жолдар, құрылысы жаңадан аяқталып жатқан жолайрықтар – қай-қайсысы болса да қаланың көркеюіне ғана үлес қосып қоймай, оның дамуына жол ашып отыр. Шымкенттің бас жоспарындағы ірі жолайрықтардың құрылысы аяқталған кезде қаладағы кептеліс мәселесін түбегейлі шешетіні сөзсіз.
Жырақта жүрсек те, кейде, әлеуметтік желілерден түймедей дүниені түйедей еткен кереғар пікірлерді оқығанда тіксініп қалатынымыз бар. Себебі, «Біткен іске сыншы көп» демекші, тірлік жүрген жерде сын болуы орынды. Алайда, республикалық қала ретінде даму оңай шаруа емес. Құрылыс қарқынды жүріп жатқан соң, қолайсыздық тудыратын кездер де бар шығар. Дегенмен, кез келген шымкенттік қаланың ертеңі үшін әр іске жауапкершілікпен қарап, уақытша келеңсіздіктерге шыдамдылық танытқаны жөн деп ойлаймын.
Шымкент — келешектің қаласы! Барша шымкенттіктерді қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаса, жайна, Шымқала!

Мұратбек ҚЫПШАҚБАЕВ,
қысқы спорт түрлері бойынша республикалық олимпиадалық даярлау
орталығының директоры, дзюдодан Азия чемпионы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.